Алматыда курьер мен жүргізуші қыз жол үстінде салғыласып қалды (ВИДЕО)
Қыздың тоқта дегенін елемеген курьер оқиға орнынан қашып кеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда курьер мен қыз жүргізуші жол үстінде жанжал шығарып, қозғалысты бөгеп тастады. Оқиға 9 желтоқсанда Төле би мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған. Жанжал көрінісі 7-арнаның Telegram-арнасында жарияланды.
Видеода тараптардың жаяу жүргіншілер өткеліне шығып, бүкіл жолды жауып қалғаны анық көрінеді. Кадрда жас жігіт қызды қолынан күрт ұстап, шайқаған сәті байқалады. Бұған жауап ретінде қыз оған соққы берген.
Басылымның хабарлауынша:
«Қыз курьерді ұстап қалып, оның кетіп қалуына жол бермеуге тырысқан. Алайда курьер ақыры мопедіне отырып, қыздың тоқта деген талабын елемей, оқиға орнынан кетіп қалған».
Әзірге оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасаған жоқ.
Материал авторы