1001

Түркістандағы қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеушілер көтеріліс жасады

Сотталғандар өзіне дене жарақатын келтіріп, жеңілдік талап еткен.

Түркістандағы қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеушілер көтеріліс жасады
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында қатаң режимдегі түзету мекемесінде заңсыз талаптармен көтеріліске барған сотталғандарға жаңа жаза мерзімдері берілді.

Тексеру барысында белгілі болғандай, №55 түзету мекемесінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған алты сотталған алдын ала сөз байласып, әкімшіліктен заңсыз жеңілдіктер талап еткен. Олардың талабына: түнде теледидар қарауға рұқсат, еркін серуенге шығу, тамақты өздері дайындау, арнайы форманы кимеу сияқты құқыққа қарсы жеңілдіктер кірген.

Талаптарын жүзеге асыру мақсатында сотталғандар өздеріне дене жарақатын келтірген.

Сот оларды 5-тен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазалады, жазаны қатаң режимдегі мекемеде өтеу белгіленді.

Материал авторы