638

Риддерде Мәңгілік алауға тауық пісірген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

Мемориалды қорлаған ер адам қолға түсті.

Риддерде Мәңгілік алауға тауық пісірген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында мәңгілік алауды қорлау ісіне нүкте қойылды. Риддер қаласында 4 желтоқсанға қараған түні Даңқ ескерткіші аумағында тауық қуырып, мемориал маңын қоқыспен ластаған ер адам полицейлердің қолына түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны анықтау үшін жақын маңдағы аумақтарды тексеріп, бейнебақылау жазбаларын саралады және оқиғаға куә болған азаматтарды сұрастырды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Полиция мәліметінше, оған «ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үйлерді, қоғамдық орындар мен көліктегі мүлікті қорлау» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары тарихи нысандарды, соның ішінде мемориалдық кешендерді қорлау заң бойынша әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Мәңгілік алау – қаза тапқан жауынгерлер рухына арналған киелі орын, ал оны мазақ ету қоғам алдында да, заң алдында да кешірілмейді.

Материал авторы