Испан журналисі «Қайрат» матчын көремін деп тоңып қалды (ВИДЕО)
Астанадағы ойынды «Чемпиондар лигасының ең суық матчы» деп атады журналист.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, испан журналисі Рафаэль Эскриг Астанада өткен «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойынды УЕФА Чемпиондар лигасының тарихындағы ең суық матч деп атады. Бұл туралы NUR.KZ жазды.
DAZN шолушысы әсерімен Instagram парақшасында бөлісті. Ол жариялаған бейнежазбада Astana Arena маңында -30 градус аязда тұрғанын айтып, мұндай суықты ешқашан ұмытпайтынын жазған.
Роликте Эскриг қалың киімге оранып, астаналық аяздың қаншалық ауыр екенін жеткізеді. Журналист қапалы желдің бет қаратпағанын және ашық ауада ұзақ тұру мүмкін болмағанын айтады.
Айта кетсек, матч Астанадағы қатты аязға қарамастан, жабық шатырдың арқасында стадион ішіндегі жағдайды барынша тұрақты ұстаудың мүмкіндігі болды.
Материал авторы