Студент қызды соққыға жыққан оқушының әкесі Антикорда жұмыс істемейді

14.04.2023, 20:40
582
Студент қызды соққыға жыққан оқушының әкесі Антикорда жұмыс істемейді smartnews.kz

Өскемен қаласында әжетханада студент қызды соққыға жыққан оқушының әкесі Антикорда жұмыс істейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сәуір айының басында АДК сауда үйінің әжетханасында колледжде оқитын бойжеткен соққыға жығылған болатын. Кейін әлеуметтік желіде бойжеткенді ұрған оқушы қыздың әкесі Антикорда қызмет ететіні жайлы ақпарат тарай бастады.

«Әлеуметтік желілерде «АДК» сауда орталығында болған оқиғаға қатысушылар мен ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жұмыс істейтіндердің бірінің туыстығы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Оқиғаға қатысқан адамдардың Антикор қызметкерлерімен ешқандай туыстық байланысы жоқ.

Осы ретте, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеміз», - дейді ол.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)