«Қайраттың қорғаны» Темірлан Анарбеков басқа клубқа кеткісі кеп жүр ме?
Анарбеков Еуропаға кетуі мүмкін.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасындағы ойыны мен болашағына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz жазды.
9 желтоқсанда астаналық матчта «Қайрат» «Олимпиакосқа» небәрі бір доп айырмасымен есе жіберді (0:1). Анарбеков бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, УЕФА нұсқасы бойынша кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Темірлан өзінің жарқын ойынына қарамастан, басты жетістік — команданың жігері екенін айтты:
«Төрт матчта 24 сейв жасадым. Бірақ маңыздысы — команда. Бүгін біз есеп айырмасын сақтап, қазақтың намысын көрсеттік», — деп жазды «Marca» Анарбековтің сөзін.
Қақпашы Еуропа клубтарына ауысу мүмкіндігіне де тоқталды:
«Болашаққа ашықпын. Еуропада бір саты жоғарыға қадам жасайтын уақыт келген шығар. Бірақ дәл қазір жүрегім — «Қайратта», — деді ол.
Айта кетейік, Анарбековтің «Қайратпен» келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін күшінде. Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны — 400 мың еуро.
Материал авторы