1274

Көкшетауда ер адам үсіктен көз жұмды

Дәрігерлердің көмегі нәтиже бермеді.

Көкшетауда ер адам үсіктен көз жұмды
Roman Didkivskyi / Getty Images/iStockphoto

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда көшеде ер адам суықтан қаза тапты. Жедел жәрдем шақырылған кезде науқастың қолдарында жалпы үсік шалу белгілері анықталған.

Ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтай алмады.

Ақмола облысы полиция департаменті оқиғаны растап, қаза тапқан адамның жеке басын анықтағанын хабарлады. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды аязды ауа райында сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырып отыр.

Материал авторы