Қарағандыдағы пәтерден 15 және 18 жастағы жасөспірімдердің мәйіті табылды

11.12.2025, 17:09
3278
Қарағандыдағы пәтерден 15 және 18 жастағы жасөспірімдердің мәйіті табылды Shutterstock

Полиция марқұмдардың өлімін зерттеп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда көпқабатты үйдің пәтерінен 15 және 18 жастағы екі жасөспірімнің мәйіті табылды. Алдын ала деректер бойынша, олардың денесінде зорлық белгілері жоқ. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Оқиға жайлы алғаш ақпарат Telegram-арналардың бірінде тарады. Онда пәтерді жалға алған жігіт таңертең үй иесі келген кезде бір жасөспірімнің жансыз жатқанын, қалған үшеуі комада болғанын алға тартқан. Арна дерегінше, олар дереу ауруханаға жеткізілген, ал 18 жастағы ер бала мен 15 жастағы жеткіншектің өліміне алдын ала болжам бойынша артық дозада зат қолдану себеп болуы мүмкін.

Алайда полиция бұл ақпараттың бір бөлігін растамады. Ведомство тек екі жасөспірімнің мәйіті табылғанын, денелерінде сыртқы жарақат жоқ екенін хабарлады.

Полиция ҚР ҚК аясында қылмыстық іс қозғады.

«Полиция барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу және жедел шаралардың толық кешенін жүргізіп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында. Заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», — деп мәлімдеді ведомство.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды