550

Чемпиондар лигасында Темірлан Анарбеков Мбаппені шаң қаптырды

Анарбеков рекордтық ұпаймен топ бастап тұр.

Чемпиондар лигасында Темірлан Анарбеков Мбаппені шаң қаптырды
instagram.com/anarbekov_temirlan77

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алты тур қорытындысы бойынша SofaScore рейтингінде Килиан Мбаппені артқа тастады.

Аналитикалық платформаның жаңартылған дерегіне сәйкес, Анарбеков «Пафос», «Копенгаген», «Олимпиакос» және «Интерге» қарсы өткен төрт матчтың жиынтық бағасы бойынша 8.9 ұпай жинады. Бұл – турнирге қатысқан барлық футболшылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Тіпті алты ойынды толық өткізген ойыншылардың өзі қазақстандық қақпашының нәтижесіне жете алған жоқ.

Рейтингтің екінші сатысына мадридтік «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе (8.34) орналасты. Үшінші орында – «Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхен (8.33). Төрттік пен бестікті «Бодо Глимт» қақпашысы Никита Хайкин (8.1) және ПСЖ жартылай қорғаушысы Витинья (7.92) түйіндеді.

Анарбеков бұған дейін Қазақстан футболы тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының матчының ең үздік ойыншысы атанған болатын. Бұл мәртебеге ол Астанада өткен «Олимпиакоспен» кездесуінен кейін ие болды.

Материал авторы