442

Алматыда 12-қабаттан құлаған 24 жастағы қыз көз жұмды

Құлаған қыздың өліміне байланысты тергеу жүріп жатыр.

Алматыда 12-қабаттан құлаған 24 жастағы қыз көз жұмды
@jagdai

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 24 жастағы қыз 12-қабаттан құлап, оқиға орнында қаза тапты.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, трагедия «Радужный берег» тұрғын үй кешенінде болған. Таңсәріде құлаған қызды алғаш көрген тұрғындар оның тәулікке жалға берілетін пәтерде тұрған болуы мүмкін екенін айтады. Балаларын мектепке апара жатқан ата-аналар сұмдық көріністен қорғау үшін марқұмның денесін жауып қойған.

Алматы полициясы агенттікке берген түсініктемесінде оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Материал авторы