Зеленский аумақ мәселесін шешу үшін референдум өткізуі мүмкін
Аумақтық мәселесін басқа емес, украина халқы шешеді дейді Зеленский.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский елдің аумақтық тұтастығына қатысты түпкілікті шешімді халықтың өзі қабылдауы тиіс екенін айтты. Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
Зеленскийдің сөзінше, қандай да бір аумаққа байланысты шешім әділ болуы керек және ол тек украин халқының ұстанымына сүйенуі тиіс.
«Менің ойымша, бұл сұраққа жауап беретін – Украина халқы. Бұл сайлау арқылы ма, әлде референдум арқылы ма – бәрібір, маңыздысы ‒ халықтың ұстанымы», – деді ол.
Бұған дейін Зеленский АҚШ-тың талабын ресми түрде растаған: Вашингтон Донбастан әскерді шығарып, аймақты демилитаризациялауды талап етіп отыр. Алайда Украина басшысы Донбастың бүкіл аумағынан әскерді шығаруға қатысты келісім тармағына қарсы екенін айтқан. Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселе бойынша Киев пен Вашингтон арасында да келіспеушіліктер бар.
Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог аймақтағы бейбіт келісім үшін шешілуі тиіс екі маңызды мәселені атаған. Соның бірі ‒ Донбасс мәртебесі. Ал кейбір халықаралық басылымдар АҚШ Киевке Донбасты толықтай Ресейге беруге қысым жасап жатыр деп жазуда.
Материал авторы