Шатырлар ұшып, жарық өшті: Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

Аиса Махамбет Редактор
15.12.2025, 10:07
259
Шатырлар ұшып, жарық өшті: Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланды azh.kz

Атырау облысында ауа райы ушығып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында қолайсыз ауа райының салдары тіркелді. Дауыл Индер, Мақат, Махамбет, Құрманғазы аудандарына және Атырау қаласына әсер еткен.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 14 желтоқсанда Индер ауданында желдің екпіні 30 м/с-қа, Атырау қаласында 24 м/с-қа дейін жеткен. Төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Индер ауданында алты нысанның шатыры бүлінген. Мақатта мектептің шатыры зақымданды. Махамбет ауданында аудандық емхана мен көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшқан. Құрманғазы ауданында мектеп, мәдениет үйі, амбулатория және спортзал зардап шеккен. Атырау қаласында жеті нысанның шатыры мен қасбеті бүлінді. Исатай мен Қызылқоға аудандарында жағдай тұрақты.

Электр желілерінде 105 апат тіркеліп, ақауларды жоюға 40 бригада тартылған. Қазіргі таңда апаттардың басым бөлігі қалпына келтірілген.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов зақымданған нысандарды оқшаулауды, қауіпті аумақтарға адамдарды жібермеуді және әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бойынша есептерді жедел дайындауды тапсырды. Балалардың қауіпсіздігі үшін мектептер ауа райы толық тұрақталғанға дейін онлайн оқытуға көшіріледі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды