Алматы облысында көз жұмған екі оқушыға қатысты жаңа деректер айтылды

15.04.2023, 12:06
518
Алматы облысында көз жұмған екі оқушыға қатысты жаңа деректер айтылды smartnews.kz

Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова Кеген ауданында оқушылар арасындағы әлімжеттік салдарынан көз жұмған екі балаға қатысты мәлімет айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Кеген ауданы Саты ауылында 11 сәуірде сағат 23:00 шамасында қайғылы оқиға болды. Кәмелет жасына толмаған 11-сынып оқушы Бақыт Әлішер 10-сыныптың балаларын өзен жағасына шақырып, кеуделеріне бір-бір соққыдан жасаған. Мирас Әскербай сол жерде есінен танып құлап, жан тапсырған. Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жасөспірімнің қазасының себебін анықтауға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», - деді Г.Исағұлова Оқу-ағарту министрлігіндегі балалардың қауіпсіздігі мәселесіне арналған жиында.

Оның айтуынша, күдікті Б. Әлішер 7-сыныптан бастап 9-сынып аралығында Талдықорғандағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектеп-интернатында білім алған. Отбасындағы жағдайға байланысты ауылға қайтадан келген. Қазір бұл бала үйқамаққа шығарылды.

Сонымен қатар, білім басқармасының өкілі дәл сол ауылда көз жұмған екінші оқушыға қатысты мәліметті жариялады.

«13 сәуір күні сағат 00:00-ге қарай Саты ауылында орта мектептің 10-сынып оқушысы Дастан Байтұрсын тұрғын үйдің ауласындағы мал қорасында асылып, қайтыс болды. Бала әкесіне малға шөп саламын деп, үй ауласына шығып кеткен. Кейін баланың асылып қалғанын анасы көрген. Қазір осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Гүлсара Исағұлова.

Оның сөзіне қарағанда, Мирас пен Дастан мектепте жақсы оқыған.

«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Білім басқармасы тиісті комиссия құрып, тексеру жүргізді. Осы орайда, арнайы іс-қимыл жоспары жасалып, барлық құрылымдық мекемелерге, құзырлы органдарға тапсырмалар берілді. Саты ауылында орта мектеп директорына, оның тәрбие жөніндегі орынбасарына, сынып жетекшісіне тәртіптік шара қолданылды», - деді басқарма өкілі.

Бүгін онлайн режимде өткен жиын барасында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев облыстық білім басқармасына мәселені толық бақылауда ұстауды тапсырды.

«Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты