Қазақстан прокурорлары ArсelorMittal ісі бойынша Люксембург органдарына өтінім жолдады

15.04.2023, 14:47
435
Қазақстан прокурорлары ArсelorMittal ісі бойынша Люксембург органдарына өтінім жолдады exclusive.kz

Қазақстанның прокурорлары ArсelorMittal компаниясының бірінші басшыларынан жауап алу үшін Люксембург органдарына өтінім жолдады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

 ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, аталған сауал еліміздегі «АрселорМиттал Теміртау» шахталарындағы апат бойынша тергеу амалдарына қатысты жолданып отыр. Осы орайда, Қазақстанның прокурорлары ArсelorMittal басшылығынан шахталар мен өндірісте қауіпсіздікті күшейту, жұмысшыларға тиісті жағдай жасау, апаттарға жол бермеу саласында атқарылатын іс-қимылдарға қатысты жауап алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 2 мыңға жуық дерегі анықталды.

Еске салайық, былтыр 3 қарашада осы компанияға қарасты Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында метан газының жарылысы болып, кеншілер қаза болған еді.

Артынша бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, былтыр 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер көз жұмды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды