Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысуымен болған апатқа байланысты соңғы сараптама күтілуде
ІІМ өкілі: Сот жақында басталады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өкілі Шавкат Рахмоновтың жұбайының қатысуымен болған жол апаты бойынша іс жақын арада сотқа берілуі мүмкін екенін жеткізді. Вице-министр Санжар Әділов мәлімдегендей, қазір соңғы сот сараптамасының қорытындысын күтіп отыр.
"Қазіргі уақытта ісіміз аяқталу сатысында. Біз осы аптада соңғы сот сараптамасын алуымыз керек. Одан кейін күдікті тұлғаның әрекетін құқықтық тұрғыда бағалап, прокуратура арқылы сотқа жолдаймыз", — деді вице-министр Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында.
Еске салсақ, жол апаты биылғы жылдың тамыз айында Алматыға барар жолда, Қарағанды мен Алматы арасындағы тасжолда орын алған. Бұл апатта Шавкат Рахмоновтың жұбайы жүргізуші болып, көлікте тағы екі құрбысы мен баласы болған.
Нәтижесінде көлік ауып кетіп, екі құрбысы қайтыс болды, ал Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханаға жеткізілді.
Материал авторы