SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қосшы қаласындағы мектеп аумағында жолаушылар автобусы өртенді. Оқиға сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт дер кезінде сөндірілген. Жалын шарпыған аумақ небәрі 10 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Өрт қысқа тұйықталу салдарынан шыққан. Құтқару бөлімшелері жедел әрекет етті», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес, автобус сағат 08:04-те отқа оранып, 08:23-те өрт толықтай оқшауланған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы нақтыланып жатыр.
RUS