«Орындықта отырып қалма»: белгілі футболшы Анарбековке ақылын айтты
Негізгі құрамда ойнайтын клубты таңда дейді Дидар Сыдықбек.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке шетелдік клубқа ауысу мәселесінде нақты әрі салмақты кеңес берілді. Бұл туралы «Тараз» футбол клубының директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді.
Футбол функционері өз пікірін «A2» подкастында айтып, қақпашының мансабындағы келесі қадамы ойын уақытына тікелей байланысты болуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, Анарбеков үшін басты өлшем — лиганың атағы емес, тұрақты түрде алаңға шығу мүмкіндігі.
Сыдықбектің сөзінше, шетелге ауысу барысында қақпашы сапасы төмендеу лигаға барса да, негізгі құрамда ойнайтын клубты таңдауы қажет. Егер футболшы қосалқы құрамда қалып қоятын болса, елге оралып, тұрақты ойын тәжірибесін жалғастырғаны дұрыс.
Дидар Сыдықбек бұл пікірін жеке тәжірибесімен де негіздеді. Ол кезінде бірнеше клубтан негізгі құрамда ойнайтыны жөнінде нақты ұсыныстар алғанын, алайда беделі жоғары клуб ретінде «Ақтөбе» клубын таңдағанын, артынша екінші құрамда қалғанын айтты. Нәтижесінде футболшы ойын тәжірибесінен қағылған.
Функционердің айтуынша, дәл осы себепті ол Темірлан Анарбековке дамудың ең тиімді жолы — тұрақты ойын арқылы жетілу екенін шынайы түрде тілейді.
Айта кетейік, Темірлан Анарбеков биылғы маусымды жоғары деңгейде өткізіп жүр. Ол Чемпиондар лигасының жарқын жаңалықтарының біріне айналып, еуропалық басылымдар Германия мен Италия клубтарының қызығушылығы туралы жазған болатын.
Материал авторы