Ақтөбеде босанған әйел мен сәби қаза тапты: Марқұмның күйеуі қазаға фельдшерді кінәлады

19.12.2025, 11:14
460
Ақтөбеде босанған әйел мен сәби қаза тапты: Марқұмның күйеуі қазаға фельдшерді кінәлады бейнежазбадан

Әйелге шұғыл кесарь тілігі жасалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде 41 жастағы жүкті әйел мен оның жаңа туған сәбиінің қазасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қайғылы жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс бастағанын мәлімдеді. Марқұмның отбасы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты тергеуді талап етіп отыр.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Айжан Аязбаева жүктіліктің 29-аптасында ауруханаға жеткізілген. Жолдасының айтуынша, осыған дейін жүктілік асқынусыз өткен. Алайда 29 қараша күні әйелдің қан қысымы күрт көтеріліп, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.

Марқұмның жұбайы Руслан Сырлыбаевтың сөзінше, фельдшерлер алғаш өлшегенде қан қысымы 210-ға жеткен. Екінші рет тексергенде 185 болған. Әйелге алдымен дәрі беріліп, арада он минут өткен соң магнезия егілген. Осыдан кейін оның жағдайы күрт нашарлаған.

Инъекциядан соң әйелдің жүрегі айнып, тынысы ауырлаған. Жолдасының айтуынша, ол жедел жәрдем көлігінде есінен тана бастаған, ауызынан көбік шыққан. Медициналық қызметкерлер жол үстінде тамыр ішіне дәрі жіберіп, облыстық перинаталдық орталыққа жеткізген.

Айжан Аязбаева ол жерде 13 күн бойы комада жатқан. 1 желтоқсан күні дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлаған. Дәрігерлер шұғыл түрде кесарь тілігін жасауға мәжбүр болғанымен, жаңа туған сәбиді де аман алып қалу мүмкін болмаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда қаза себептерін нақтыламай отыр. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жан-жақты қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы марқұмның туыстарына ұсынылады.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйелге пневмония диагнозы қойылған. Дегенмен марқұмның жақындары қайғылы жағдай жедел медициналық көмек көрсету кезеңінде жіберілген қателіктермен байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Отбасы бұл іске құқық қорғау органдарын тарту мүмкіндігін қарастырып отыр. Олардың басты талабы — әйел мен оның сәбиін құтқаруға болар ма еді деген сұраққа нақты әрі әділ жауап алу. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды