Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлы рейтингтен шығарылды

19.12.2025, 11:56
356
Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлы рейтингтен шығарылды әлеуметтік желіден

Әлімханұлы рейтингтің көшбасында тұрған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, боксшы Жәнібек Әлімханұлы The Ring журналының орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінен шығарылды. Бұған допингке қатысты дау себеп болған. Бұл туралы басылым жаңартылған рейтинг жариялау барысында мәлімдеді.

The Ring журналы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында орта салмақ дәрежесінің жаңа рейтингін ұсынды. Хабарламада допинг дауына байланысты Жәнібек Әлімханұлының жарыстардан уақытша шеттетілгені, соған сәйкес рейтинг қайта қаралғаны көрсетілген.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы аталған рейтингте бірінші орында тұрған. Оның тізімнен алынуына байланысты барлық спортшы бір сатыға жоғарылады. Ал америкалық Хесус Рамос-кіші жаңартылған рейтингте оныншы орынға көтерілді.

Бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткенін ресми түрде растаған болатын. Осы дерек бойынша тексеру басталды. Боксшының өзі ережені бұзбағанын мәлімдеп, екінші сынаманы қайта тексеруді талап етті.

Кейіннен спортшының командасы да ресми мәлімдеме жасап, аталған жағдайға қатысты өз ұстанымын білдірді. Ал жуырда Боксерлік комиссиялар қауымдастығы Жәнібек Әлімханұлын допинг дауына байланысты уақытша шеттету туралы шешім қабылдады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды