Астанада бір күнде екі адам көпқабатты үйден құлап қаза тапты
Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада бір күннің ішінде екі адам көпқабатты үйлердің шатырынан құлап, қаза тапты. Қайғылы оқиғалар қаланың әртүрлі ауданында тіркелгенін құқық қорғау органдары растады.
18 желтоқсан күні полицияға «Хайвилл» тұрғын үй кешенінің аумағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдай суицид ретінде қарастырылып отыр.
Сол күні елорданың өзге ауданында тағы бір қайғылы оқиға болды. Тұрғын үйлердің бірінде 18-қабаттан құлаған әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Марқұм — қала тұрғыны.
Аталған деректер бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғалардың барлық мән-жайы анықталып, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Материал авторы