Түркістанда Үндістан университетінің филиалы ашылады

15.04.2023, 19:40
510
Түркістанда Үндістан университетінің филиалы ашылады inform.kz

Түркістанда халықаралық IT университеті ашылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды АҚШ-тың АҚШ Penn state (Пенсильвания) университетінің Түлектер бағдарламалары және халықаралық бағдарламалар жөніндегі деканы Стивен Барнсты қабылдады. Кездесуде университет филиалын ашу бастамасының алғышарттары талқыланып, әріптестікті нығайту жолдары қаралды.

«Қазіргі дәуір – цифрландыру дәуірі екенін ескеретін болсақ, өңір жастары үшін IT бағыты бойынша жоғарғы оқу орнын ашу қажеттілігі бар. Сондықтан, Түркістан қаласында IT университетінің филиалын ашуды қарастыруды ұсынамын. Осы жоба аясында облыс әкімдігі тарапынан барлық қолдау көрсетіледі, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге әзір екенімізді хабарлаймын. Біз тұрғындарымызға заманауи оқу ордасын ашып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауымыз керек», - деді Дархан Сатыбалды.

Стивен Барнс Түркістанның тарихи орнына тоқталып, қаланың дамып жатқанына, өңір басшысының құрметпен қабылдағанына ризашылығын білдірді.

«Мен Пенсильвания университетінде жұмыс істеймін. Үндістандағы Ұлттық сот сараптамасы университетімен тығыз байланыстамын әрі құрылтайшыларымен бірлесе жұмыс атқарып жүрмін. Түркістанға келудегі мақсатым – Үндістанның сол жетекші оқу ордаларының бірінің филиалын ашуға көмектесу. Жол, ғимарат салу оңай, бірақ білімді ұрпақ тәрбиелеу, сапалы білім жүйесін дамыту – өте қиын іс. Түркістанда оқу ордасының филиалын қысқа уақытта ашу мүмкіндігі бар екенін көріп тұрмын. Арнайы ғимараты бөлінсе, университет өз филиалын ашуға, мамандарын уақытша жіберуге және қазақстандық оқытушылардың біліктілігін көтеруге дайын», - деді Стивен Барнс.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кездесу барысындағы ұсыныстар мен шарттар толық сарапталып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін, халықаралық талапқа сай оқу ордасын ашуға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің жобалар жетекшісі Самғат Ермекбаев бұл бастаманың маңызы жоғары екеніне тоқталып, тиімді әріптестік орнайтынына сенім білдірді. Университет өкілдері келіссөздерді жалғастыру мақсатында елімізге маусым айында келеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, ұлттық сот сараптамасы университеті (National Forensic Sciences University) – Үндістандағы киберқауіпсіздік, цифрлық криминалистика, сот сараптамасы салалары бойынша әлемдегі жетекші оқу ордаларының бірі. Оқу ордасы сот сараптамасы және криминалистика саласындағы 14 факультетте киберқауіпсіздік, цифрлық криминалистика бағытын қоса алғанда 75 мамандық бойынша білім береді.

Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО)