Семейде жүкті әйелге күш көрсеткен ер адам қамауға алынды

19.12.2025, 16:57
261
Семейде жүкті әйелге күш көрсеткен ер адам қамауға алынды t.me/halyqstan

Жанжал дәрігер қабылдауына кезекке байланысты шыққан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семей қаласында стоматологиялық клиникада жүкті әйелге қатысты дау туғызған видеодан кейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Абай облысы соттарының ресми Telegram-арнасының хабарлауынша, Семей қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ер адамға қатысты істі қараған. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша — қоғамдық орында балағат сөздер айту және азаматтарды қорлайтын әрекеттер жасау дерегімен жауапқа тартылған.

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 10:30 шамасында азамат медициналық клиника ғимаратында әйел адамға тіл тигізіп, қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Семейдегі стоматологиялық клиникада түсірілген видео тараған болатын. Онда ер адамның жүкті әйелге күш көрсеткені айтылған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал дәрігер қабылдауына кезекке байланысты шыққан.

Жүкті әйелдің айтуынша, басқа келуші кезексіз өтуге тырысып, оны балағаттай бастаған. Әйел бейнежазбаға түсіре бастаған сәтте ер адам оған жүгіріп келіп, қолын бұрап, ұялы телефонын жұлып алған.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыны жедел ұстап, іс материалдарын сотқа жолдаған. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды