Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы Түркияда 2 мың киіз үй тігеді

16.04.2023, 09:18
533
Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы Түркияда 2 мың киіз үй тігеді inform.kz

Түрік әлемі елдерімен ықпалдастықтың арқасында зілзаладан зардап шеккен Түркия провинцияларында 2 мыңнан астам киіз үй орнатылады.

Бұл туралы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Билал Эрдоган Кахраманмараштағы «Ниеттестік» аталатын палаткалы қалашыққа барған кезде айтты. Smartnews.kz сайты бұл туралы Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.

«Анадолымен» әңгіме барысында Билал Эрдоган мәлім еткендей, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмекке ұмтылып, түрлі іс-шараларда қолдану үшін қоймаларда тұрған 70 киіз үйді зілзаладан кейінгі алғашқы аптада-ақ жөнелткен.

photo

Оның айтуынша, дәл сол уақытта Қазақстан мен Қырғызстанда киіз үйлерді жіберу қолға алынып жатты.

«Біз Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі басқарманың (AFAD) жетекшілігімен 250-ге жуық киіз үй құрдық. Мұнда қазақ және қырғыз бауырларымызбен бірге біздің командалар да келді, олар киіз үй құраумен айналысты. Міне, сондықтан да Қазақстан мен Қырғызстанның туларын кездестіруге болады.

photo

Кейін шатырлар санын ұлғайтуды ойладық. Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжанмен ықпалдастық шеңберінде түрлі аймақтарда 2 мыңнан астам киіз үй орната аламыз. Олардың әрқайсысы ниеттестік лагеріне айналатын болады», - деді Билал Эрдоган.

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясынан атап өткендей, Гюнгорен муниципалитетінің қолдауымен Гёксун ауданында 100 киіз үй бой көтерді.Тағы 200-і Ускюдар муниципалитетінің қолдауымен оқуға түсуге дайындалып жатқан студенттер үшін тігілді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды