331

«Шавкаттың командасы менен қорқады» – белгілі америкалық спортшы

Америкалық файтер Рахмоновты нокаутқа түсіретінін айтып мақтанды.

«Шавкаттың командасы менен қорқады» – белгілі америкалық спортшы
Cooper Neill/Zuffa LLC

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC-дің жартылай орта салмақтағы америкалық файтері Хоакин Бакли қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеп, оны нокаутқа түсіре алатынына сенімді екенін айтты.

Дивизион рейтингінде 10-орында тұрған Баклидің айтуынша, Шавкат Рахмоновтың командасы бұл жекпе-жектен әдейі қашып жүр. Ол мұны қазақстандық спортшының әлеуетінен емес, керісінше, өз қаупінен қорқуымен байланыстырады.

Бұған дейін америкалық файтер әлеуметтік желіде Рахмоновқа үндеу жасап, «Өзбекстанда тығылып отырмай, октагонға шық» деп шақырған болатын.

«Оның бапкері мен менеджері маған: “Ол жігітті жайына қалдыр” деді. Олар Шавкаттың менімен төбелесуін қаламайды. Себебі мен оны нокаутқа түсіре алатынымды жақсы біледі. Біздің жекпе-жек Джефф Нилмен болған айқасына ұқсас болар еді. Айырмашылығы – мен әлдеқайда аз соққы алып, оған көбірек зиян келтірер едім», – деді Хоакин Бакли Parry Punch басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-дегі жеңіліссіз сериясымен және қауіпті стилімен танымал. Ал Баклидің бұл мәлімдемесі дивизиондағы бәсекені одан әрі қыздыра түсті.

Материал авторы