Жемқорлық үшін сотталған шенеунік алаяқтықпен қайта түрмеге қамалды

22.12.2025, 11:10
271
Жемқорлық үшін сотталған шенеунік алаяқтықпен қайта түрмеге қамалды SMARTNEWS.KZ коллажы

Екі адамға 10,5 млн теңгеден астам залал келтірілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында бұған дейін жемқорлық үшін сотталған азамат алаяқтық дерегі бойынша қайта сотталып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық сот мәлімдеді.

Ескелді аудандық соты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1 және 4-тармақтары бойынша (алаяқтық) қозғалған істі қарады. Тергеу мен сот барысында анықталғандай, сотталушы 2023 жылдың күзінде және 2024 жылдың ақпан айында екі азаматты Талдықорған қаласынан пәтерді төмен бағамен алып беремін деп алдап, олардың ақшасын иемденген.

Сот шешіміне сәйкес, бір жәбірленушіге 6 миллион теңге, екіншісіне 4 миллион 540 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Жалпы келтірілген залал 10,5 миллион теңгеден асты.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін жартылай мойындап, азаматтық талаптарды қабылдағанымен, «Амнистия туралы» заңды қолдануды сұраған. Алайда сот оның ақшаны алдау жолымен алғанын анықтап, бұл уәждерді негізсіз деп таныды. Сондай-ақ сотталушының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғаны белгілі болды.

Жаза тағайындау кезінде сот оның кәмелетке толмаған баласының барын ескеріп, ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

Сот үкімімен ер адам қылмыстардың жиынтығы бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болды. Сонымен қатар оған өмір бойына мемлекеттік және өзге де лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұрын өтелген жаза мерзімі жалпы жаза мерзіміне есептелді. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды