Жетісулық тұрғын мысығын кір жуғыш машинаға салып жуған

Азиз Қалижан Редактор
22.12.2025, 13:37
374
Жетісулық тұрғын мысығын кір жуғыш машинаға салып жуған threads желісінен

Әйелдің әрекеті қоғам наразылығын туғызды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында мысықты кір жуатын машинаға салып «жуындырған» әйел қоғам наразылығын туғызды. Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ашу-ызасын оятты.

Бейнежазбадан кір жуғыш машинаның ішінде үрейленіп отырған мысық анық көрінеді. Видеоны әйелдің өзі түсіріп, желіге жариялаған. Желі қолданушылары бұл әрекетті жануарларға қатыгездік деп бағалап, e-Otinish платформасы арқылы полицияға жаппай шағым түсірген.

Пікір қалдырған азаматтар әйелдің медицина саласында жұмыс істейтіні туралы ақпаратқа алаңдаушылық білдіріп, оның кәсіби этикасына күмән келтірді. Қоғам өкілдері мұндай әрекетке жол берген адамға тиісті құқықтық баға берілуі тиіс екенін талап етті.

Аталған дерекке қатысты Stan.kz тілшісіне Жетісу облысы полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, оқиға желіде тарағаннан кейін жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша тексеру басталған.

Полицияға берген түсініктемесінде мысық иесі бұл әрекетін «әзіл ретінде» жасағанын айтқан. Оның сөзінше, кір жуғыш машинаға су қоспай, құрылғыны бір рет қана айналдырып, жануарды бірден шығарған. Тексеру аясында мысық ветеринар маманның қарауынан өткен.

«Ветеринарлық қорытындыға сәйкес, қазіргі уақытта жануардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ», – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары мысық иесінің жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын растады. Полиция өкілдері жануарларға зиян келтіретін кез келген әрекет заңмен тыйым салынатынын ескертіп, әлеуметтік желіде жарияланатын «әзілдердің» нақты салдары бар екенін атап өтті. 

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан