378

Назым Қызайбайдың еңбегі 5 млн теңгемен бағаланды

Бокс жұлдызына қомақты сыйақы берілді.

Назым Қызайбайдың еңбегі 5 млн теңгемен бағаланды
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, боксшы Назым Қызайбай Алматылық бокс федерациясының арнайы марапатына ие болды. Спортшыға 5 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табысталды.

Марапаттау рәсімі 21 желтоқсанда Алматыда өткен қалалық бокс федерациясының жыл сайынғы конференциясы аясында ұйымдастырылды. Назым Қызайбайға сертификат ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғап, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізгені үшін берілді.

Федерация өкілдері Қызайбайдың отандық бокстың дамуына қосқан үлесін атап өтіп, оның жетістіктері жас спортшылар үшін үлгі екенін жеткізді.

Айта кетейік, осы жиын барысында Алматы қаласының бокс федерациясы тағы бір спортшы — боксшы Алуа Балқыбековаға автокөліктің кілтін табыстаған болатын.

Материал авторы