Іле ауданының әкімі 3 жыл 3 айға сотталды
Бағдат Қарасаевқа қатысты сотқа нүкте қойылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Сотта Қарасаевқа және өзге де айыпталушыларға қатысты жеті қылмыстық іс бір мезгілде қаралған. Іс материалдарында аудандық бөлімдер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының бірқатар басшылары да бар.
Тергеу дерегінше, экс-әкімге бюджет қаражатын иемдену, қызметтік өкілетін асыра пайдалану, заңсыз кәсіпкерлікке қатысу және экологиялық талаптарды бұзу бойынша айып тағылған. Алайда алаяқтық бабына қатысты сот Қарасаевты ақтап шықты.
Соған қарамастан, сот оны қызметтік өкілетін теріс пайдалану және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері бойынша кінәлі деп таныды.
Қылмыстық іс 2024 жылы қоқыс полигонына жүргізілген тексерістен кейін қозғалған. Тексеру прокуратура мен Антикор тарапынан жүргізіліп, сол кезде аудан әкіміне қатысты күдік пайда болған.
Үкім заңды күшіне енген-енбегені нақты көрсетілмеген.
Материал авторы