303

Қуат Хамитовты қазақ ММА-ның «өкіл әкесі» деп атады

Спортшы әріптесі Хамитовтың ықпалын жоғары бағалады.

Қуат Хамитовты қазақ ММА-ның «өкіл әкесі» деп атады
instagram.com/kuat__khamitov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ ММА жекпе-жек өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан Қуат Хамитовты спорт қауымдастығы «Қазақ ММА-ның өкіл әкесі» деп аталды. Мұндай бағаны отандас спортшы, ACA лигасының жеңіл салмақтағы өкілі Артём Резников берді.

Артём Резниковтің айтуынша, Қуат Хамитов Қазақстанда аралас жекпе-жек өнерінің танымал болуына жол ашқан алғашқы спортшылардың бірі.

«Қуат – қазақстандық ММА-ның өкіл әкесі. Ол – нағыз алғашқы буын өкілі. Қазақстанда трэштокты алғаш бастаған, алғаш болып көпшіліктің талқысына түскен спортшы. Қазір де ол назардан тыс қалып отырған жоқ. Рашидпен айқаста жақсы өнер көрсетті, одан кейін Арман Царукянмен бетпе-бет шықты. Бұл – оның әлі де формадан түспегенін көрсетеді. Жас спортшымен өткен АСА жекпе-жегінен соң Алексей Махноны шақырды. Қуат – өте қызықты файтер, бұл спорттың ішкі заңдылықтарын жақсы біледі», – деді Резников.

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін 18 желтоқсанда Мәскеуде өткен ACBJJ20 турнирінде өткізді. Ол боевой джиу-джитсу ережесі бойынша өткен кездесуде ресейлік Рашид Магомедовты төрешілердің бөлінген шешімімен жеңді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор