Алматыда жоғалып кеткен 34 жастағы ер адам өлі күйінде табылды
Жоғалған азаматтың мәйіті Алматыда табылған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 28 қарашада жоғалып кеткен 34 жастағы Аяз Дүйсебековтің мәйіті табылды. Бұл туралы Lider волонтерлік ұйымы мәлімдеді.
Волонтерлер мәйіттің табылған жағдайы туралы нақты мәлімет бермеді. Алайда белгілі болғаны, Аяз Дүйсебеков 1991 жылы туылған, 12:00 шамасында Алмалы ауданындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен.
Белгілері: бойы 165–170 см, орташа денелі, шашы қара, қысқа, көзі қоңыр. Киімі: көк жилет, көк толстовка, сұр шалбар, қара кроссовка.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші