Жетісайда ер адам ата-анасына қол жұмсап, әкесін өлтірмек болды (ВИДЕО)
Ұрыс-керіспен аяқталған отбасының трагедиясы сотқа жолданды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысы Жетісай ауданында бір азамат қарт әкесін өлтірмек болып, анасына және отбасы мүшелеріне шабуыл жасады.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қарт адам оқиғаның қорқынышты сәттерін баяндайды:
«Кеше түнде үйге келгенде ұлым мені қысып, өлтірмек болды. Мен екі сағат бойы күрестім», – дейді ол.
Зейнеткер сәтімен қашып шығып, туыстары полицияға хабар берген. Ал 3 желтоқсан күні сол азамат анасына қол жұмсап, оны үйден қуып шыққаны белгілі болды, – деп хабарлады зардап шеккеннің қызы.
Қызының айтуынша, ұлы бұрын да дау-дамай жасап, дауыстық хабарламалар арқылы оны және әкесін өлтімен қорқытып, «Жаңа жылға дейін уақыт бар, әйтпесе әкеңді өлтіремін» деп қоқан-лоқы көрсеткен.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл факті бойынша «Денсаулыққа қасақана зақым келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі кезде барлық мән-жайды жан-жақты анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, дебошир «Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқыққа қарсы әрекеттер» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жиналған материалдар сотқа жолданып, құқық қорғау органдары тарапынан қорғаныс шаралары қабылданды. Қылмыскер уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді.
Материал авторы