Трамп The New York Times басылымын «халық жауы» деп атады
Президент газет журналистерін жалған ақпарат таратты деп айыптады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times (NYT) газетін ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін басылым деп бағалады. Ол газет журналистерін жалған ақпарат таратты деп айыптады.
Трамп өз әлеуметтік желісі Truth Social парақшасында былай жазды:
«Олардың радикалды солшылдық бағыттағы, теңгерімсіз әрекеттері және жалған мақалалар жазуы тоқтатылуы тиіс. Олар халықтың шынайы жаулары».
Еске салсақ, 17 қазанда Дональд Трамп NYT газетіне қарсы талап арыз беріп, журналистерді 2024 жылғы президенттік сайлау кезінде оның беделін түсіруге және атын қаралауға тырысты деп айыптады. Өз кезегінде NYT редакциясы Трампты тәуелсіз журналистиканың жұмысын тоқтатуға тырысуда деп айыптап отыр.
Материал авторы