Семейде кішкентай баланың интим суреттерін сұраған 42 жастағы ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Ер адам балаға ашық қысым көрсеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семей қаласында 42 жастағы ер адам кәмелетке толмаған балаға интимдік фотосуреттер жіберуді талап еткені үшін полицияға жеткізілді. Полицияның хабарлауынша, күдікті аудиохабарламалар арқылы балаға қысым көрсеткен.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін құқық қорғау органдары дереу тергеу шараларын бастады. Нәтижесінде күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта барлық жағдай толық тексеріліп, 42 жастағы ер адамның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Сонымен қатар, күдіктіде медициналық жағдай бар болғандықтан, оны арнайы емдеу мекемесіне орналастыру мәселесі қаралуда. Аталған іс облыстық полиция басқармасының ерекше бақылауында.
Полиция атап өткендей, балалар қауіпсіздігіне, оның ішінде интернет кеңістігінде жасалған кез келген қол сұғулар қатаң заң аясында тоқтатылатыны қатаң қадағаланады.
Материал авторы