370

Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең ұлы боксшылары қатарына енді

GGG — дәуір аңыздарының қатарына кірді.

Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең ұлы боксшылары қатарына енді
instagram.com/gggboxing

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, боксшы Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең ұлы былғары қолғап шеберлері рейтингіне енді. Бұл тізімді беделді америкалық Boxingmedia порталы жасаған.

Сарапшылар қазіргі заман боксының ең ықпалды 25 тұлғасын іріктеп, рейтинг түзген. Геннадий Головкин бұл тізімде 11-орыннан көрініп, әлемдік рингтің нағыз аңыздарымен бір қатарға жайғасты.

Рейтингтің көшін Флойд Мэйвезер бастаса, екінші орында Мэнни Пакьяо, үшінші сатыда Бернард Хопкинс тұр. Ал алғашқы бестікке Александр Усик пен Сауль «Канело» Альварес те енген.

Головкин рейтингте жапон нокаут шебері Наоя Иноуэден кейін, ал британдық Джо Калзагеден жоғары орналасты. Бұл оның дәуіріндегі ең мықты боксшылар санатында екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин бұған дейін Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде қабылданған. Оның кәсіпқой мансабында небәрі 45 жекпе-жек өткізіп, 42 рет жеңіске жеткен, оның 37-сі нокаутпен аяқталған.

Материал авторы