293

Сарыағашта түнгі уақытта көлік жаңа жылдық шыршаны қағып кетті (ВИДЕО)

Орталық алаңдағы шыршаға соғылған жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Сарыағашта түнгі уақытта көлік жаңа жылдық шыршаны қағып кетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Сарыағаш қаласында түнгі сағат үш шамасында жеңіл көлік орталық алаңда орнатылған басты жаңа жылдық шыршаға соғылды. Оқиға орнынан жүргізуші ізін суытқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жазды.

Полиция мәліметінше, оқиғаға ВАЗ-2105 маркалы автокөлік себеп болған. Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлері көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен жүргізушінің жеке басын анықтады.

Көлік тізгіндеген азаматтың түсіндіруінше, ол шыршаны айналып өтпек болған, алайда көлікті басқаруға шамасы жетпей, соқтығысқа жол берген.

Оқиғадан кейін ер адам зақымданған жаңа жылдық нысанды қалпына келтірді. Ал автокөлік айып тұрағына қойылып, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Материал авторы