Моңғолия үкіметі Баян-Өлгейдегі қазақша жер-су атауларын моңғол тіліне ауыстырмақ
Жергілікті билік қазақтар көп қоныстанған 319 жердегі қазақша атаулардан бас тартып жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Моңғолия үкіметі Баян-Өлгей аймағындағы 319 тау, өзен-көл және су нысанының қазақ тіліндегі атауларын моңғолша тарихи атауларымен қайта атау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында белгілі болды.
Үкімет қаулысының жобасын Моңғолия парламентіне (Ұлы Хуралға) енгізу жоспарланып отыр. Құжатта аталған географиялық нысандардың атауларын «моңғолша түпнұсқа атауларымен қалпына келтіру» көзделген.
Қазіргі уақытта үкімет отырысы жалғасып жатыр. Құжаттың парламентте қалай қаралатыны және нақты қай атаулар өзгеріске ұшырайтыны кейін белгілі болады.
Айта кетейік, Баян-Өлгей – қазақтар тығыз қоныстанған Моңғолиядағы жалғыз аймақ. Сондықтан бұл шешім өңірдің тарихи-мәдени және этникалық ахуалына тікелей әсер ететін мәселе ретінде қарастырылып отыр.
Материал авторы