«Жасың өтті деді»: Назым Қызайбай өзіне көрсетілген қысым туралы айтты

25.12.2025, 09:12
433
«Жасың өтті деді»: Назым Қызайбай өзіне көрсетілген қысым туралы айтты instagram.com/nazym_kyzaibay09

Қызайбай Олимпиада алдындағы жағдайды еске алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасында өз жолы туралы ой бөлісті. Спортшы өзін күмәнға алған пікірлер мен сенімсіздікке қарамастан, арманынан бас тартпағанын айтты.

32 жастағы боксшы Олимпиададан түскен суретін жариялап, жасы себепті көпшіліктің жеңіліс болжай бастағанын еске алды.

«Қанша жол, қанша сынақ артта қалғанын осы суретке қарап тағы бір рет сезіндім… Бұл сурет — жай ғана қола медаль емес. Бұл — сенімсіздікке, сөздерге, күмәнге берілмей өткен жолдың дәлелі», – деді ол.

Назым Қызайбайдың айтуынша, лицензиялық турнир қарсаңында «жасың өтті» деген сөздер жиі айтылған. Алайда оның бұл медальға жету жолындағы еңбегін көпшілік біле бермейді.

Спортшы желіде өзіне қарсы пікірлер де көп болғанын жасырмады. Кейбіреулер Олимпиада жолдамасын ала алмайтынын, ал алған күннің өзінде алғашқы жекпе-жекте жеңілетінін жазған.

«Көп адам сенбеді. Бірақ мен өзіме сендім. Айналадағы сөз маңызды емес. Жүрегіңді тыңда. Сені сынай ма, төмендетеді ме — өз жолыңнан тайма. Мен бәрін көріп жүрмін, бәрін білемін. Жай ғана өз ісімді істеп келемін. Алла маған мұның бәрін берді, себебі мен ешкімге жамандық тілемеймін. Маған жаман сөз айтқандарға да тек жақсылық тілеймін», – деді боксшы.

Еске салайық, Назым Қызайбай 2024 жылғы Олимпиадада қола жүлдеге ие болды. Жуырда спортшы осы жеңісі үшін сыйға берілген көлікті сатылымға қойғаны да хабарланған еді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды