SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда қаласында бес қабатты тұрғын үйдің подъезінде кішкентай баланың басы темір торға қысылып қалды. Оқиға туралы хабар 112 пультіне түскен.
Төтенше жағдай тұрғын үйдің үшінші қабатындағы баспалдақ алаңында болған. Құтқарушылардың жедел әрекеті арқасында балаға зақым келмеді.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы қысқа уақыт ішінде жетіп, арнайы гидравликалық құралдың көмегімен баланы абайлап босатып алды. Құтқару жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптары толық сақталған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қыз балаға медициналық көмек қажет болмаған.
RUS