SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында 8-сыныпта оқитын жасөспірім 7 жастағы қызға жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Қылмыс биыл жазда Бәйдібек ауданында тіркелген. Қошқарата ауылының 14 жастағы тұрғыны 1-сынып оқушысын алдап, көпір астына алып барып, оған зорлық көрсеткен. Оқиғадан кейін қыздың жақындары бірден полицияға жүгінген. Күдікті көп ұзамай ұсталған.
Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Алайда сот-медициналық сараптама мен жинақталған дәлелдер бүлдіршінге жыныстық қол сұғушылық жасалғанын толық растаған.
Сот үкімімен кәмелетке толмаған сотталушы кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол жәбірленуші тарапқа 8 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттелді.
Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марат Күздеубаевтың айтуынша, басты сот талқылауында сотталушы да, оның заңды өкілі де жәбірленуші тараптан кешірім сұрамаған.
«Кәмелетке толмаған сотталушының кінәсі іс материалдарымен, куәгерлердің жауаптарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және өзінің ішінара мойындауымен толық дәлелденді. Сот үкімімен ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды», — деді судья.
RUS