272

Қостанайдағы түнгі клубта болған жаппай төбелеске қатысты сот басталды

Төбелес кезінде екі адам пышақталған еді.

Қостанайдағы түнгі клубта болған жаппай төбелеске қатысты сот басталды
tobolinfo.kz / Татьяна ФАЙЛЬ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда 5-6 тамыз аралығында «Мята Платинум» барында болған топтық төбелес бойынша сот тергеуі жалғасып жатыр. Жеті адам қатысқан қақтығыста екі адам әртүрлі дәрежеде пышақ жарақатын алған. Бұл туралы Tobol.info басылымы жазды.

Қазіргі таңда сотта алты адам – Төлехан Оразбаев, Ерік Күзенбаев, Дулат Маханғалиев, Нұрдәулет Пірмаханбет, Әлішер Қалыбек және Аян Теміртасов – айыпталушы ретінде отыр. Жас мөлшері 21–36 аралығында.

Тергеу нұсқасы бойынша, Әлішер Қалыбек 4 тамызда Төлехан Оразбаевпен бұрын болған жанжалын шешуге бел байлаған. Келесі күні ол достарымен барға келіп, Оразбаев та өз таныстарын шақырып, жанжалды күткен.

Сол кеште Қалыбек пен Оразбаев алғаш рет бардың кіреберісінде бетпе-бет кездесіп, сөйлесу үшін Фролова көшесінің қарсы бетіне өтуге ұсыныс жасаған. Сол мезеттен бастап жанжал төбелеске ұласып, екі тараптың достары мен бар қызметкері Нұрдәулет Пірмаханбет қатысқан. Келгендердің бір бөлігі пышақ алып келген.

Айыпталушыларға әртүрлі баптар бойынша айып тағылды: ауыр дене жарақатын келтіру, топпен бұзақылық жасау және пышақ қолдану. Жәбірленушілер – Дәулет Коңырбаев және Әлішер Қалыбек.

Сот отырысында куәгерлер мен айыпталушылардың өздері түсініктеме берді. Дулат Маханғалиев пышақ жарақатын бергенін мойындаса, Ерік Күзенбаев төбелес басталғанда тек арашалау үшін барғанын жеткізді.

Сот Алтын Байжұманова прокурордан жанжалды көрсететін видеоны кадрлар бойынша сараптап, әр қатысушының іс-әрекетін анықтауды сұрады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор