Астанада ҰҚК кубогына қоян-қолтық ұрыс турнирі өтті
Жекпе-жек сарайында күштік құрылымдардың спортшылары бақ сынасты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласында Жұбан Мәмбетұлы Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ҰҚК Төрағасының кубогына арналған республикалық қоян-қолтық ұрыс турнирі ұйымдастырылды.
Іс-шараға ҰҚК, БП, ІІМ, ТЖМ, МКҚ және ҚР Қоян-қолтық ұрыс федерациясының облыстық филиалдары атынан 27 құрама командадан 260 спортшы қатысты.

Салтанатты марапаттау рәсіміне күштік құрылымдардың басшылары қатысты. Турнир барысында қатысушылар өздерінің жоғары физикалық дайындығын және жеңіске жетуге деген мықты ерік-жігерін көрсетті.
Жеңімпаздар медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, бірінші орын алған 13 спортшыға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілді.

