SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі қазақстандық әнші және продюсер Қыдырәлі Болманов Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденімен марапатталды.
Қуанышты жаңалықпен Болманов әлеуметтік желідегі өз парақшасында бөлісті:
«Бүгін маған Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» ордені табыс етілді. Бұл – Жаратушының қалауымен және сіздердің шынайы қолдауларыңыз бен дұғаларыңыздың арқасы. Қазақ халқы, Алла разы болсын!» – деп жазды ол.
Сонымен қатар арнайы нагрудтық белгілер Ұлытау тобының мүшелеріне де тапсырылды. Әртістің жары Қарақат Әбілдина жары мен музыканттарды құттықтап, жылы лебізін білдірді:
«Ар-намысын бәрінен жоғары қоя білген асыл азаматыма басқа емес, “Намыс” орденінің берілгені лайықты әрі жарасымды. Қуаныштымыз! Тілектеріңізге мың алғыс! Ұлытау тобы, сендер біз үшін өнерлеріңмен де, адамгершіліктеріңмен де биіктесіңдер! 27 жыл сахнада жүргенде алған алғашқы төс белгілерің құтты болсын! “Халық жанашыры”!»
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қыдырәлі Болманов мемлекеттік марапатқа ие болмағанын ашық айтқан еді. Әлеуметтік желі қолданушылары оны шын жүректен құттықтап, марапаттың заңды екендігін атап өтті.
RUS