Судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті экс-күйеуі мен енесі Мәскеуде ұсталды
Германияда жұмбақ күйде қаза тапқан Сайлыбаеваның ісі ұзаққа созылып кетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Айгүл Сайлыбаеваны өлтіруге қатысы бар деп танылған күдіктілер Мәскеуде қолға түсті, алайда олардың Қазақстанға экстрадициясы ұзақ уақыт алуы мүмкін.
Айгүлдің ағасы мәлімдегендей, Александр Донцов пен оның анасы Наталья Мәскеу полициясына жеткізілген.
«Александр Донцов пен оның анасы Наталья Мәскеуде анықталып, полицияға жеткізілді деген ақпарат келді. Қазір олардың Қазақстанға берілу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Дипломатиялық қиындықтар мен бірнеше азаматтықтың болуы процедураларды ұзаққа созуы мүмкін», — деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Сайлыбаева Қазақстаннан 2020 жылы күйеуімен бірге кетіп қалған. 2024 жылдың 3 маусымында ол соңғы рет байланысқа шыққан, ал 4 маусымда үйден белгісіз бағытқа кеткені хабарланған.
Ағасы Айгүлдің күйеуі мен оның анасынан зорлық көруі ықтимал екенін атап өткен. 2024 жылдың 16 маусымында 40 жастағы Айгүлдің денесі Бенсхайм қаласының шетінде орналасқан Эрлах карьерінде табылған. 29 маусымда Алматыда судьяның жерлеу рәсімі өтті.
Адвокат Жанна Оразбақова өз әлеуметтік желісінде неміс полициясының іс бойынша әрекетсіздігін сынап, көптеген дәлелдер мен куәгерлерге қарамастан ешкімнің әлі қамауға алынбағанын, басты күдіктілердің бос жүргенін жеткізді.
Материал авторы