816

«Көйлектерін сынап тұр»: құттықтауға Роза Рымбаеваның реакциясы сынға қалды (ВИДЕО)

Халық Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісованы салыстырды.

«Көйлектерін сынап тұр»: құттықтауға Роза Рымбаеваның реакциясы сынға қалды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнадағы әріптестерінен күтпеген құттықтау алған сәттегі реакциясы қызу пікірталас тудырды. Видеоны таратқан желі қолданушылары әншінің әрекетін әрқалай бағалап жатыр.

Бейнежазбада Жазира Байырбекова, Жанар Айжанова, Бейбіт Сейдуалиева, Гүлнұр Оразымбетова, Ақбота Керімбекова және Мөлдір Әуелбекова Роза Рымбаеваға арнайы ән арнап, Жаңа жылмен құттықтайды. Видеода әріптестерінің ән айтып, жылы лебізін білдіріп, құшақтап жатқан сәттері анық көрінеді.

Алайда кадрлардан аңғарылғандай, алғашқы сәтте Роза Рымбаева болып жатқан жағдайға таңданыс танытып, «Не болды, қыздар?» деп жауап қатқан. Осы сәттен кейін желі қолданушылары әншінің эмоциясына назар аударып, түрлі пікір білдіре бастады.

Кейбір қолданушылар Рымбаеваның реакциясын салқын әрі ұстамды деп бағаласа, енді біреулері жағдайдың кенеттен болғанын, сондықтан әншінің тосылып қалғанын алға тартты.

«Жоғарыдан қарап тұрғандай әсер қалдырды», «Мұндай жағдайда қалай жауап берерін білмей қалған сияқты», «Өте суық қабылдады», – деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар пікір білдірушілер бұған дейін дәл осындай музыкалық құттықтау әнші Мақпал Жүнісоваға арналғанын еске салды. Олардың айтуынша, Мақпал Жүнісованың реакциясы әлдеқайда эмоцияға толы әрі жылы болған. Осы жайттан кейін желіде екі халық әртісінің мінез-құлқы мен көпшілікке деген қарым-қатынасы салыстырыла бастады.

Қоғамда талқылау әлі де жалғасып жатыр. Бірі Роза Рымбаеваның сабырлы болмысын қорғаса, енді бірі өнер адамынан эмоциялық ашықтық күту орынды деген пікірде.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор