Ақтөбеде мемлекеттік баспаналарды туыстарына берді деген шенеуніктің соты өтіп жатыр

26.12.2025, 12:53
299
Ақтөбеде мемлекеттік баспаналарды туыстарына берді деген шенеуніктің соты өтіп жатыр gov.kz

Ақтөбедегі тұрғын үй қорын бөлу ісі сотқа жетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жандос Әлімовке қатысты сот процесі басталды. Ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлерді бөлу кезінде қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр.

Жандос Әлімов — Шалқар ауданының тумасы. Ол 2021 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қаңтарына дейін Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімін басқарған. Тергеу дерегінше, осы кезеңде ол оннан астам мемлекеттік пәтерді заңсыз жекешелендіруге ықпал еткен. Баспаналар бөлім қызметкерлеріне, өз жерлестеріне және жұбайының туған қарындасына берілген.

Айыптау тарапының мәліметінше, заңсыз әрекеттерге кедергі келтіруі мүмкін болғандықтан, Әлімов тұрғын үй комиссиясы құрамынан әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлім басшысын шығарып, құжат айналымын бақылауда ұстайтын заңгерді процестен шеттеткен. Осыдан кейін комиссия мүшелерінің сеніміне кіріп, бастапқыда заңды шешімдер қабылдату арқылы олардың қырағылығын әлсіреткен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол кезекте тұрған азаматтарға уақытша баспана беру тәжірибесін пайдаланған. Алайда бұл бөлмелер — жатақханаларда орналасқан, өмір сүруге қолайсыз орындар болған. Біраз уақыт өткен соң азаматтар қайта өтініш беріп, уақытша баспананы жайлы пәтерге ауыстыруды сұраған.

Нәтижесінде, айыптау тарапының болжамынша, аталған пәтерлер кейін заңсыз жекешелендіріліп, кейбірі сатылған немесе өзге адамдарға сыйға берілген.

Оқиғалардың бірінде Шалқар қаласының тұрғыны мемлекеттік тұрғын үй алу үшін жүгінген. Әлімов комиссия мүшелеріне өтініш иесінің баспана алуға құқығы бар деген түсінік қалыптастырып, оған Гришин көшесіндегі өмір сүруге жарамсыз жатақхана бөлмесін берген. Кейін ол бөлмені жайлы пәтерге ауыстырып, мемлекеттік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіріп алған. Араға бір ай салып, пәтерді 8,5 млн теңгеге сатқан.

Жандос Әлімов тағылған айыпты мойындамайды. Алғашқы сот отырысында оның қорғаушылары мен жұбайы бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үйқамаққа немесе кепілге ауыстыруды сұрады. Олар Әлімовтің бес баласы барын, ең кенжесі 2025 жылы дүниеге келгенін алға тартты. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Сондай-ақ қорғау тарапы судьяға қарсылық білдіргенімен, ол да қабылданбады. Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр. Тергеу нысанындағы пәтерлерге сот шешімі шыққанға дейін тыйым салынған.

Айта кетейік, тұрғын үй қатынастары бөлімінен кеткен соң Жандос Әлімов Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасын да басқарған. Ол 30 қыркүйектен бері қамауда отыр. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды