Жаңаөзендегі жарылыс: баспанасынан айырылғандарға жаңа пәтер беріледі

17.04.2023, 11:56
675
Жаңаөзендегі жарылыс: баспанасынан айырылғандарға жаңа пәтер беріледі Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасынан айырылғандардың барлығын жаңа пәтерлермен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сәуірдің 17-сі күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзен қаласының екінші шағын ауданында көпқабатты үйде газ баллоны жарылған. Жарылыстан кіреберіс құлаған. Опырылған аумақ 150 шаршы метрді құрады. 

«Баспанасыз қалған отбасылар жаңа пәтерлерге ие болады, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық қажетті көмек көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Компания марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуін тілейді.

Жаңаөзенде газ баллонының жарылуы кезінде бір адам қаза тауып, екеуі ауыр халде. Ауруханаға барлығы 13 науқас түсті.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды