1223

Шымкентте полиция бастығы парамен ұсталды деген ақпарат тарады

Жоғары лауазымды полиция 20 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталғаны айтылды.

Шымкентте полиция бастығы парамен ұсталды деген ақпарат тарады
instagram.com/kris_p_brothers

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция жүйесіндегі жоғары лауазымды қызметкерді ұстады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының бастығы 20 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде қолға түскен. Арнайы операцияны ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері жүргізген.

Ресми деректерге сәйкес, аталған лауазымды қазіргі уақытта полиция полковнигі Батыр Мырзагелдиев атқарып отыр.

Құқық қорғау органдары әзірге істің өзге мән-жайларына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор