Теңге қысымда ма? 29 желтоқсандағы валюта бағамы жарияланды

29.12.2025, 09:32
277
Теңге қысымда ма? 29 желтоқсандағы валюта бағамы жарияланды SMARTNEWS.KZ коллажы

Ірі қалалардағы доллар бағамы өзгерді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 29 желтоқсанға арналған шетел валюталарының теңгеге қатысты ресми бағамдарын жариялады. Сонымен қатар Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде қалыптасқан нақты сатып алу және сату бағалары белгілі болды.

Ұлттық банктің ресми деректеріне сәйкес, АҚШ доллары 504,6 теңгеге бағаланды. Еуроның ресми бағамы — 594,27 теңге. Фунт стерлинг 680,76 теңге деңгейінде тіркелсе, Біріккен Араб Әмірліктерінің дирхамы 137,41 теңге болды. Қытай юані 72,01 теңгеге, түрік лирасы 11,8 теңгеге бағаланды. Сондай-ақ ресей рублі 6,48 теңге деңгейінде белгіленді.

Ал kurs.kz порталының мәліметінше, ірі қалалардағы айырбастау пункттері ресми бағамнан жоғары немесе төмен жеке курс ұсынып отыр.

Алматы қаласында долларды сатып алу және сату бағасы 509–511 теңге аралығында қалыптасты. Еуро 596–601 теңгеден сатылуда, ал рубль 6,4–6,47 теңге деңгейінде ұсынылған.

Астанада доллар 507–513 теңге шамасында саудаланып жатыр. Еуроның айырбастау бағасы 592–602 теңге аралығында болса, рубль 6,4–6,55 теңге көлемінде белгіленген.

Шымкент қаласында доллар 508–511 теңге аралығында ұсынылса, еуро 595–600 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 6,42–6,46 теңге деңгейінде тұр.

Айта кетейік, айырбастау пункттеріндегі бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тәулік ішінде өзгеруі мүмкін.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады