496

Алматыда мүгедек жасөспірімді шетелдік студент азғындамақ болған

Үнді студент мүгедек қызды зорламақ болғаны анықталды.

Алматыда мүгедек жасөспірімді шетелдік студент азғындамақ болған
facebook.com/ Анна Муленкова

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жергілікті жоғарғы оқу орындарының бірінде оқитын үнді студент 17 жастағы мүгедек қызға зорлық жасауға әрекет жасады.

Қала полициясы қыздың анасының арызы бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға бірнеше күн бұрын, қыздың үйінің жанында болған. Кешкі уақытта емтиханнан қайтып келе жатқан қызға күдікті шабуыл жасаған.

Анасының айтуынша, қыз паллиативтік күтімде, ауыр науқас, сондықтан толық қорғансыз болған. Сонымен қатар, әйел күдіктінің әрекетінен басқа да зардап шеккендер бар екенін әрі оқиғаны реттеу немесе қысым көрсету әрекеттері мүмкін екенін айтты.

Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады. Қазір барлық оқиғаның мән-жайы анықталып, заңға сәйкес құқықтық баға беріледі.

«Көрсетілген адам анықталып, ұсталды. Тексеру нәтижелері мен процессуалдық шешімдер бойынша заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор