413

Алматыда бірнеше пәтер тонаған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

Полиция Алатау ауданында ұрлық жасағандарды қолға түсірді.

Алматыда бірнеше пәтер тонаған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)
Алматы ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Алатау ауданында бірнеше пәтерге қол салған күдіктілер ұсталды. Полиция арнайы операция жүргізіп, күдіктілерді қолға түсірді.

Алматы полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарланғандай, ұсталғандар қалалық криминалды полиция қызметкерлерімен бірге Алатау ауданы полиция басқармасының арнайы жасақтарының қатысуымен қолға түсті.

«Біз аудан аумағында ұрлық жасаған адамдарды анықтауға бағытталған нақты жұмыс жүргіздік. Полиция қызметкерлерінің және арнайы бөлімшелердің бірлескен әрекеті нәтижесінде күдіктілер тез арада ұсталып, ұрланған мүлік табылды. Бұл оны иелеріне қайтаруға мүмкіндік береді», — деді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Едилхан Байғайраев.

Қазір ұсталғандардың басқа ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тексеру және жедел іс-шаралар жалғасуда.

Алматы полициясы тұрғындардың қауіпсіздігін және олардың мүлкін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ұрлық сияқты қылмыстарды анықтау мен алдын алу бойынша жұмысын жалғастыра беретінін айтты.

Материал авторы